Алтынбеков К.С.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет бойынша өзіндік жұмыстар. Тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. -124 бет
Жоғары оқу орындарының филология факультетінде 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналып «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәні бойынша жазылған бұл оқу-әдістемелік құралда осы дәуір әдебиетінің даму сипатындағы ерекшеліктер, көрнекті сөз шеберлері жыраулар мен ақындардың шығармашылық өмірі, көркем сөз туындылары студенттердің өздігінше ізденулерін, семинар сабақтарына дайындалуын, өзіндік жұмыстарын орындауын, яғни пәнді игеруін жеңілдету мақсатында жеке-жеке тақырыптарға бөлініп берілген.
Әрбір тақырып бойынша студенттің назар аударып, қамтуына тиісті негізгі мәселелер көрсетіліп, сол тақырыпқа қатысты пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі берілген. Оқу-әдістемелік құрал оқу жоспарына және «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
