Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау

Тлесова Э.Б.
Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау: оқу құралы /Э.Б. Тлесова. – Алматы: TechSmith, 2025. -200 б.

Оқу құралында кәсіпорынды бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен орындаудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылған. Бағалау қызметінің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектілері, бағалау мақсаттары мен құн түрлері, бағалау стандарттары, сонымен қатар кәсіпорын құнын бағалауда қалыптасқан салыстырмалы, кірістік және шығыстық тәсілдері ашып көрсетілген.
Кәсіпорынның жеке активтерінің құнын бағалау әдістемесі, соның ішінде материалды емес активтердің, жылжымайтын мүліктің, машина мен жабдықтардың құнын бағалау ерекшеліктеріне назар аударылған. Сонымен қатар, кәсіпорынның нақты жағдайларына байланысты бағалау үрдістері де қарастырылған.
«Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау» атты оқу құралы жоғарғы білім беру орнының мемлекеттік стандарттар талаптарына және оқу жоспарының негізінде жасалған. Берілген кешен жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.