Шаңғы тебудің техникасы мен тактикасын үйрету

Муратбекова А.А., Сырым А.С.
Шаңғы тебудің техникасы мен тактикасын үйрету: оқу-әдістемелік құралы / Муратбекова А.А., Сырым А.С. – Алматы: «Alash Book», 2024. – 80 б.

Шаңғы спорты біздің елімізде кең таралған көпшілік түрінің бірі. Әсіресе әртүрлі қашықтыққа шаңғымен жарысу кең таралуда. Шаңғы спортымен шұғылданудың негізі міндеттірі өте жоғары спорттық нәтижелерге жету, осының өзі шаңғымен шұғылданудың басқа түрлерінен оны негізінен ерекшелендіріп тұрады. Шаңғы спорты туралы осы оқу құралы педагогикалық колледждердің студенттеріне арналған және бағдарламаға сәйкес жазылған. Шаңғы спорты және шаңғы дайындығы сабақтарын жүргізуші оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, бапкерлер қазақ тілінде жазылған осы оқу құралынан пайдалана алады.