Темирова А.Б., Нурмухаметов Н.Н., Мухамбетова З.С., Кунафина Г.Т.
Кәсіпкерлік: Оқулық. Алматы: TechSmith, 2024 ж., – 304 б.
Аталмыш оқулықта қазіргі кәсіпкерлік экономикасының қызметі кешенді түрде қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі, түрлері, ұйымдық-құқықтық формаларына назар аударылады.
Мұнда кәсіпкермен атқарылатын функциялар: нарықты кешенді зерттеу, пайдаға әсер ететін факторларды анықтауды, экономикалық ресурстарды рационалды пайдалану жолдарын анықтау, кәсіпорын қызметін тиімді ұйымдастыру, бизнес жоспарлау және талдау, кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері мен инновацияны енгізу, шығын көлемін төмендету жолдары қарастырылған. Оқулық курстың жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптардан, материалдар мен өзін-өзі тексеру сұрақтарынан тұрады.
Оқулық экономикалық емес мамандықта оқитын студенттер мен практикалық жұмысшыларға, кәсіпкерлер мен бизнесмендерге және экономикаға қызығушылық білдіретін жалпы оқырман қауымға арналған.
