Рустемова Ж.А. Балалар әдебиеті. Оқу құралы/ Алматы: “Отан” баспасы, 2025 – 241 бет.
Оқу құралында қазақ балалар әдебиетінің пайда болу, қалыптасу кезеңдерінен бастап 90 жылдарға дейінгі тарихы ұсынылады. Қазақ балалар әдебиеті ұлттық мәдениетіміздің даму процесінің жанды бөлігі ретінде қарастырылады. Кітапта көп жылдар бойы оқулықтарға аттары енгізілмеген ақын-жазушылардың шығармашылығына да орын берілген. Оқулық филология, педагогика факультеттері студенттері мен оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, жалпы, балалар әдебиеті мәселелері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.
