Алтынбеков Қ.С.
Ежелгі дәуір әдебиеті бойынша өзіндік жұмыстар. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 96 б.
Бұл көмекші оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындары филология факультетінің 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау», 6801704 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау» мамандығында оқитын және 632302 «Филология білім беру бағдарламалары» бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған.
Оқу-әдістемелік құрал қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірі курсы бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу үшін және студенттердің осы курс бойынша сабақтарына дайындалу барысында тақырыптарды, ондағы мәселелерді игеруін жеңілдету мақсатында жазылған.
