Садыков Ж.А., Гиззатжанова А.Г.
Туристік өлкетану / оқу құралы. – Алматы: TechSmith, 2025. -252 бет.
Оқу құралында өлкетану мәні, туристік қызметтегі физикалық- географиялық зерттеулер, туристік қызметті жүргізудің мәні мен әдістері, геофизикалық зерттеулер, өлкенің өсімдіктер мен жануарлар әлемінің негізгі ұғымдары және т.б. тақырыптар бойынша сұрақтар қарастырылады.
Ұсынылған оқу құралы 6В11101 – “Туризм” білім беру бағдарламасына сәйкес, “Туристік-өлкетану жұмысының негіздері”, “Туристік өлкетану пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылған. Оқу құралы дәріс курсының теориялық сұрақтарын, практикалық жұмыстар мен БӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарды және емтиханға дайындалуға арналған тест тапсырмаларын қамтиды.
Оқу құралы “Туризм”, “Халықаралық және ішкі туризм”, “Туризм және қонақжайлылық” мамандықтары/білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен магистранттарға және “География”,” География-тарих”, осы курс бойынша сабақ жүргізетін мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушылары, сондай-ақ туған өлкені зерттеуге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
