Шілдебаев Ж. Б.
Экологияны оқыту технологиясы: Оқу құралы. Ж. Б. Шілдебаев, М. Б. Аманбаева. Өңд., толықт. 2-бас., – Алматы: «KEMEL KITАР» баспасы, 2023. – 310 б.
Оқу құралы авторлардың Абай атындағы Қаз ҰПУ-де, ғылыми-зерттеу институттары мен мектептерде қызмет атқарған көп жылғы педагогикалық еңбегінің қорытынды іс-тәжірибесіне негізделіп жазылған. Еңбек экология ғылымының теориялық, педагогикалық шарттарына негізделіп, үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасы, оқу-әдістемелік кешені, жаңа инновациялық оқыту технологиясы тұрғысынан қарастырылған. Экология пәні бойынша 17 сабақтың оқыту технологиясы ұсынылады.
Ұсынылып отырған еңбектің екінші бір ерекшелігі оқу материалдарының мазмұны Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер негізінде айқындалып, оның себеп-салдары теориялық және практикалық тұрғыдан шешімін тапқан. Нәтижесінде республикамызда алғаш рет үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің көпсатылы оқу жүйелеріндегі сабақтастығы, бірізділігі, жүйелілігі мен ғылыми-практикалық және қолданбалы үрдістері жүзеге асты. Сондықтан, көпшіліктің сұранысына ие болып отырған экологиялық білім, тәрбие және мәдениет қалыптастырудың қыр-сыры, іс-тәжірбиелері, экологиялық сабақ үлгілері, оқу-әдістемелік кешендері ізденуші жас ғалымдар, биолог, эколог әдіскерлер, магистрлер мен студенттер үшін қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Оқу құралының әрбір бөлімінің соңында студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар, тесттер, өзіндік жұмыстардың тапсырмалары берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие берудің негіздерін оқып, үйренуге, экологияны оқыту технологиясына арналған.
