Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы: Оқу құралы. Нұрғалиева Ұ.С., Ахметова А.И., Гарбер А.И., Байбекова М.М. — Алматы: ЖШС «ЛАНТАР books», 2023.- 331 б.

Оқу құралы тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасын жүргізудің және интерпретациялаудың мақсатын, міндеттерін, әдістерін және тәсілдерін қамтиды; диагностикалық процестің барлық қатысушыларының өзекті сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес негізгі категориялары мен ұғымдарын ашады, тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасының өзекті салалары, білім алушылардың теориялық білімдерді игеру дәрежесін анықтау материалдары, білім беру саласында психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру бойынша практикалық дағдыларды бекіту материалдарын қамтиды.

Оқу құралы «Тұлғаның психологиялық — педагогикалық диагностикасы» пәнінің шеңберінде 6В011-7М011-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға және мектеп мұғалімдеріне арналған.