Географиялық тапсырмаларды орындаудың нұсқаулықтары. География мамандығы бойынша білім алушыларға арналған / құраст.: Лайсханов Ш.У., Алиаскаров Д.Т., Усенов Н.Е., Абикбаев Е.Р. – Алматы, «KEMEL КІТАР» баспасы, 2023. – 73 б.
География оқулықтарындағы берілген тапсырмаларды орындауда сандық геоақпараттық технологиялармен ресурстарды тиімді қолдану мәселелері қарастырылған.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта жалпы орта білім беретін мектептердің география пәні мұғалімдері география сабақтарында көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда сандық геоақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін жасау (жоғары сыныптардың мысалында)» (Грант No АР13067931) тақырыбындағы жоба аясында әзірленді.
