Биогеохимия және биосфераның тұрақтылығы

Бахов Ж.К., Утебаев А.А. Биогеохимия және биосфераның тұрақтылығы: «Экология» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. — Алматы CyberSmith, 2019. -128 б. Әдеб. 42 атау., 7 кесте, 9 сурет.

Оқу құралында биогеохимияның базалық концепциялары қарастырылған, осы ғылым бағытының даму мәселелері, кезеңдерде химиялық элементтердің бөлінуінің ерекшеліктері, олардың миграциясы, химиялық элементтердің геохимиялық классификациясы туралы маңызды ақпарат берілген.

Биосфераның аса маңызды қасиеттерінің бірі — тұрақтылығы туралы, сонымен қатар тірі ағзалардың зат миграциясындағы, биогеохимиялық процестердегі ролі, биогеохимиялық циклдардың қалыптасу ерекшеліктері туралы маңызды ақпараттар берілген.

Оқу құралы «Экология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге және экология саласына қатысы бар мамандар үшін маңызды қосымша оқу құралы ретінде ұсынылады.