Бектанов Б.Қ. Геодезия: Оқулық. – Алматы: New book, 2021. – 434 бет.
Оқулық 6В07307 — «Жерге орналастыру», 6В07308 — «Кадастр» және 6В07301 — «Геодезия және картография» мамандықтарының студенттеріне арналған. Оқулықта теодолиттік және тахеометрлік түсірулер, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу тәсілдері, нивелирлік жұмыстардың түрлері туралы мәліметтер берілген. Өлшеу қателерінің теориясы және геодезиялық торларды өңдеудің математикалық тәсілдері жазылған. Геодезиялық жиілендіру торларын триангуляция, полигонометрия, трилатерация және әртүрлі бұрыштық, ұзындықтық және бұрыштық-ұзындықтық тәсілдерімен құру қарастырылған. Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйе және бұл жүйені қолдану арқылы жерді межелеу нұсқалары келтірілген.