Шыңғысбаев С.М., Битлеуов Б.А. 1920-1940 жылдардағы Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорттың даму тарихы: Оқу құралы / С.М. Шыңғысбаев, Б.А. Битлеуов-Алматы: New book, 2021,- 184 б.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ спорты ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан алға жылжып, бұрындары мүлде болмаған, қазақ халқына таныс емес спорт түрлері дами бастады. Әсіресе, Қазақстан спортының қалыптасып, өркендеп дамуы Кеңес өкіметі тұсына сәйкес келді. Дене тәрбиесі мен спорт мәдениеттің бір бөлігі деп қаралып, адам денсаулығының жақсаруы үшін барлық жағдайлар жасала басталды.
Оқу құралында баяндалған көптеген деректер 1920-1940 жылдар аралығында елімізде дене тәрбиесі мен спорттың қалай қалыптасып, дамығаны туралы ақпарат береді. Оқу құралы, спорт пәндері бағдарламасы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес «Дене шынықтыру және олимпиадалық ойындар тарихы» пәнінен білім беруге арналып дайындалған. Оқу құралы жоғары және арнайы орта оқу орындарының ұстаздарына, студенттеріне және спорт мамандарына арналады.