Ибрагимов Ж.И. Билер соты-көшпелі өркениеттің бірегей жүйесі: оқу-әдістемелік кешен / Ж.И. Ибрагимов,- Алматы:New book, 2021.- 68 б.
Оқу-әдістемелік кешен қазақ халқының құндылығы болып саналатын билер сотының бірегей жүйе ретінде даму мәселелерін оқып, меңгеруге арналған. Жаһандық сын-қатерлерге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, дамыту арқылы қарсы тұру қажеттілігі ескеріледі. Рухани жаңғыру барысында билер сотының барлық қырлары ерекше зерттеліп, жүйелі түрде танылуы қажет.Ұлттық құндылық ретінде билер сотын терең зерттеп, оның қағидаттарын бүгінгі күнгі сот жүйесінде пайдалану қажеттілігі ұсынылады. Оқу-әдістемелік кешен құқықтану, халықаралық құқық, саясаттану, философия және басқа да гуманитарлық бағыттары бойынша білім алушыларға және оқытушыларға, осы мәселе қызықтыратын оқырмандарға арналған.