Жатқанбаев Е.Е., Жатқанбаева Ж.Қ. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Окулық. Жатканбаев Е.Е., Жатқанбаева Ж.Қ.- Алматы: CyberSmith, 2021 ж. -364 б.
Оқулық пәннің оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Мазмұны жоғары молекулалық қосылыстар туралы негізгі түсініктер, олардың жіктелуі мен номенклатурасы, молекуладан ірі құрылымы мен физика механикалық қасиеттері, полимер ерітінділерінің теориялары мен зерттеу әдістері, синтездеу мен химиялық түрлендірудің жолдары туралы теориялық және практикалық мәліметтерден құралған.
Оқулық жоғары оқу орындарының химия және органикалық қосылыстардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша маманданатын студенттер мен магистранттарға жоғары молекулалық қосылыстар химиясы саласындағы пәндер бойынша оқу үрдісінде қолдануға арналған.