Қытай тарихы: жаңа және казіргі заман

Қайыркен Т.З. Қытай тарихы: жаңа және казіргі заман. Оқу құралы. / Тұрсынхан Законұлы Қайыркен. — Алматы: Эпиграф, 2019. -328 б.

Оқу құралы Қытайдың 1644 жылдан бүгінге дейінгі жаңа және қазіргі заман тарихын қамтиды. Яғни, манчжурлардың ірге кеңейтуі, сол негізде Қытайдың да оның құрамдас бөлігіне айналуы, елдегі «жабық есік саясаты», апиын соғысы оның нәтижесінде Қытайдың манчжурлардың және шетелдіктердің қос қабат отарына айналуы, Цинхай төңкерісі және оның нәтижесінде орын алған ірі оқиғалар, елдегі саяси партиялардың күресі, одан туындаған азаматтық соғыс, ҚХР-дың құрылуы және ел басшылығының саяси шешімдері, реформа, ашық есік саясаты кезіндегі елдің дамуы және қазіргі сын-тегеуіріндер сөз болады. Оқу құралының алғашқы бөлімдерін жазуда Цзян Боцзан, Люй Сымянь қатарлы әйгілі тарихшылардың еңбектері, сондай-ақ Су Бэйхай т.б. қазіргі заман зерттеушілерінің Қытайдағы қазақ тарихына қатысты жұмыстары пайдалануды. Қазіргі заман бөлімін жазуда соңғы деректер мен ақпараттар негізге алынды.

Оқу құралы жоғары оку орындарының білім алушыларына, Қытай тарихына қызығатын жалпы көпшілік қауымға арналған.