Экология және халық денсаулығы

Кенесариев Ү.И. Экология және халық денсаулығы: медициналық жоғары оқу орындар мен колледждерге арналған оқу құралы / Ү.И. Кенесариев, Н.Ж. Жакашов. — Алматы: CyberSmith, 2019. — 232 бет.

Құралда қоршаған ортаны сақтау негіздері, жалпы экологияның негізгі мәселелері, тірлік ортасы мен тұрғындар денсаулығының экологиялық тұстары баяндалған. Атмосфералық ауаны, суды, топырақты, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, тағамдық өнімдерді ластанудан қорғау мәселелеріне негізгі назар аударылады. Қоршаған ортаны бағалаудың интегралдық әдістері, оның ластануының қауіптілік дәрежесі, адам организміне тусетін химиялық факторлар жүктемесі сияқты маңызды мәселелер қаралады. Көмекші құралда Қазақстан региондарының экологиялық ерекшеліктері, республиканың биогеохимиялық провинциялары мен тұрғындар денсаулығының медик-экологиялық тұстарының ерекшеліктері тәнтіштеліп көрсетілген.

Құрал медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына, студенттеріне және қоршаған орта проблемаларымен айналысатындарға арналған.