Көлік техникасының энергетикалық қондырғысының сырғанау мойынтіректерінің ресурсын арттыру

Куанышев М.К. Көлік техникасының энергетикалық қондырғысының сырғанау мойынтіректерінің ресурсын арттыру. Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ , 2020. — 168 с.

Оқырманға ұсынған монографияда ерекше (дәстүрлі емес) схемалардың поршеньді жылу машиналарының (энергетикалық қондырғыларының) қысқаша сипаттамасы келтіріледі. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданады.

Шектелген ресурсы бар іштен жану энергетикалық қондырғыларының түйіндерінің біріндегі қозғалтқыштың кинематикалық механизмінің сырғанау мойынтіректері болып табылады. Қазіргі уақытта сырғанау мойынтректерінің ауыспалы элементтері-олардың төсемелері шетелдік кәсіпорындарда өндіріледі, яғни импорттық мағынада болып табылады.

Осылайша, өзіміздің технологиялары мен отандық материалдар негізінде [5.133] сырғанау мойынтіректерінің ресурсын арттыру бойынша жұмыс Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Монографияда эксперименттік үйкеліс машинасында мыс төсемелері бар мойынтіректердің ұсынылған конструкциялары үшін сандық және сапалық көрсеткіштері алынды.

Автордың пікірі бойынша, монографияда келтірілген ақпарат ғылыми, инженерлік-техникалық кадрлар, магистрлер, студенттер, көлік құралдарын пайдалану және қозғалтқыш жасау саласында оқырмандардың кең ауқымы үшін пайдалы деп санайды. >> Читать >>