Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 — 576 бет.
Джозеф Ф Хилидің «Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы» еңбегі алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Қолыңыздағы оқулық ағылшын тіліндегі төртінші басылым негізінде дайындалды. Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Сонымен қатар, оқулықта статистика негіздері, оның әлеуметтік ғылымдарда алатын орны мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беріледі.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика бойынша білімін арттырғысы келетін оқырман қауымға арналған.