Композициялық және ұнтақты материалдарды алудың технологиялық негіздері: оқу құралы / Г.А. Ульева, Н.Ж. Айкенбаева, Г.Е. Ахметова, К. Туысхан — Алматы: CyberSmith, 2019.— 224 б.
Оқу құралында композициялық және ұнтақты материалдарды алудың технологиялық негіздері әртүрлі мақсаттарға арналған жіктелуі мен құрылымдық ерекшеліктері келтірілген, сонымен қатар ұнтақтарды алудың тәжірибеде қолданылатын әдістері мен технологиялық режімдері олардың химиялық, физикалық және технологиялық қасиеттерін, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады.
«Композициялық және ұнтақты материалдарды алудың технологиялық негіздері» курсы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша студенттерді даярлауда ең негізгі бағыттың бірі болып табылады. Оқу құралы барлық талаптарға сай орындалған, ISBN индексті басып шығаруға ұсынылады.