Өмірдастан. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар

Мұқағали Мақатаев
Өмірдастан. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар / М. Мақатаев; Мұқағали Мақатаев атын. халықаралық қоғамдық Қор — Алматы: ҚАЗақпарат, 2015 . — 232 б.
ISBN 978-601-03-0297-6

«Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды.
«Өмірдастан» атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды.»
Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен. «Өшеді өлең, немесе көшеді өлең» деп ақынның  өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, биіктеп барады.
Көпшіліктің сұрауы бойынша «Өмірдастан» оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр. Читать >>