Аманова Р.П., Аман К.П. Ауыл шаруашылығы негіздері: оқу құралы / Р.П.Аманова, К.П.Аман. — Алматы: «Бастау», 2019. — 240 бет.
Оқу құралы оқу орындарының оқу бағдарламасына сай құрастырылып, әдебиеттер негізінде жинақталған. Оқу құралында ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыммен байланысын ашатын ауыл шаруашылығы бойынша теориялық білімді, тәжірибелік және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыру қарастырылған. Жер шаруашылығы жүйесі, топырақ құнарлылығы және ауыл шаруашылығын химияландыру, мәдени өсімдіктердің түрлі сорттары және үй жануарларының тұқымдары, олардың күтімі, мал азығын даярлау туралы білім беру. Агротехника бойынша практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру: топырақ өңдеу мен оның құнарлылығын арттыру.
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің перспективалары. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері. Агрономия мен зоотехния — ауыл шаруашылығы өңдірісінің ғылыми негіздері. Ауыл шаруашылығы өндірісі негізгі салаларының өз ара байланысы.
Оқу құралы жоғары оқу орындары студенттері және кәсіптік-техникалық колледж оқушыларына арналған.