Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқырмандарға 6 абонемент және 9 оқу залдарында қызмет көрсетіледі. Оқу залдары университеттің барлық ғимараттарында орналасқан.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Қазіргі ақпараттық технологияның қызмет ету үдерісін енгізу;
- Оқырмандарға тиімді және шұғыл, оңтайлы қызмет көрсету;
- Оқу залдары мен абонементтерде тақырыптық кітап көрмелерін және жаңа түскен басылымдар көрмелерін ұйымдастыру;
- Оқырмандар картотекасы мәліметтер қорын жасау;
- Оқырмандарға ақпарат көздерін іздеуге және таңдауға кеңес беру;
- Оқу залының кітап қорын университет саласына және оқырмандардың қажеттілігіне сәйкес қалаптасыру;
- Орындалмаған тапсырыстармен және қарыз оқырмандармен жұмыс.