Әдіскер


Әдіскер


Университеттің ғылыми кітапхана әдіскері – кітапхананың құрылымдық бөлімдері қызметінің барлық салаларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Кітапхананың өндірістік қызметін реттейтін әдістемелік ұсыныстар, технологиялық нұсқаулар және басқа да құжаттар әзірлейді.   Инновациялық тәжірибені идентификациялау, жинақтау және тарату – әдіскер қызметінің маңызды бағыты. Біліктілікті арттыру мақсатында кітапхана мамандары үшін семинарлар, тренингтер мен курстар ұйымдастырады.  Қазіргі заманғы университет кітапханасының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. «Факультет күні», «Кітапханашыға сұрақ», «Кітап апталығы» және басқа да кешенді ақпараттық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады. Ғылыми кітапханада өткізілетін мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады, жоспар дайындайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын ақпараттық жұмысты үйлестіреді.. Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханалар Қауымдастығы қызметінің шеңберінде еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларымен кәсіби қарым-қатынас орнатады.

Әдіскер міндеттері:

  • Университеттің  кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  • Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Университет кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер,конференциялар өткізу;
  • Тренингтер, кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;
  • Жұмыс әдістері мен стильдерін жетілдіріп, инновацияларды енгізу.

Әдіскер: