Энзимология негіздері

К.О. Шарипов, А.Е. Есімжан, М.С. Байбулова. Энзимология негіздері: оқу құралы. — Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2017. — 226 бет.

«Энзимология негіздері» оқу құралы Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының студенттері үшін бекітілген биологиялық химия бойынша Типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Оқу құралы сондай-ақ, басқа да жоғары және орта медициналық білім беретін мекемелердің төменгі курс студенттері мен биохимия пәні оқытылатын ауылшаруашылық, малдәрігерлік, биологиялық және тағам дайындау технологиясы мамандығы студенттеріне де пайдалануға ұсынылады. Оқу құралында ферменттер туралы толық теориялық мәліметтер берілген және квантталған мәтіндер мен соларға сай тесттер де берілген.