Құдайберген Жұбанов және қазақ руханияты

Тайжанұлы А. Құдайберген Жұбанов және қазақ руханияты (дүниетанымдық аспектілері): Монография. — Ақтөбе, 2019. — 227 бет.

Монографияда алғаш рет ірі ғалым, тіл маманы, қоғам және мәдениет қайраткері, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) тіл мәселелері, әдебиет, ауыз әдебиеті, мәдениет, жеке тарихи тұлғалар туралы көзқарастары талданып, оның адами-азаматтық тұлғасы дүниетанымдық тұрғыдан зерделенеді. Құдайберген Жұбановтың ұлтымыздың өнер, мәдениет, тіл, ғылым, дін салаларын зерделеу арқылы қазақ халқының жалпы руханиятына қосқан үлесі жан-жақты көрсетіледі.
Монография жұбановтанушыларға, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, барша гуманитарлық ғылымдар өкілдеріне, профессор Қ. Жұбановтың творчествосы мен жеке басын қадір тұтып құрметтейтін көпшілік қауымға арналған. >>Читать>>