Қ. Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері

Тектіғұл Ж.О. Қ. Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері. Монография. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. — Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018.-180 бет.

Қ. Жұбановтың тарихи грамматика саласындағы пайымдауларын зерделеуге арналған бұл кітапта тарихи грамматиканың өзекті мәселелерінің қатарында саналатын қосымшалардың этимологиясы, сөйлем ішіндегі сөздердің тарихи орын тәртібі мен есім-етістік түбір-негіздердің синкреттілігі мәселесі тарихи-лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талданады.
Әсіресе, күні бүгінге дейін көпшілікке беймәлім, бұрынғы лексикалық мағыналары күңгірттеніп, көмескіленіп кеткен қосымшалардың шығу тарихының ежелгі атрибутивті, предикаттық қатынастардың орналасу тәртібімен тарихи төркіндестігі көптеген тілдердің, оның ішінде түркі тілдерінің тілдік материалдарымен тарихы салыстырыла кеңінен қарастырылады.
Аталған зерттеу еңбек негізінен лингвистерге, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, оқытушыларына және тілдің тарихын білгісі келетін жұртшылық қауымға ұсынылып отыр. >>Читать>>