Өнердегі философия

Өтепбаев Н. Өнердегі философия. / Құрастырушылар: А.Ақтанова, А.Шаймарданова.  Семей, 2018. – 128 бет.

Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы аясында жарық көріп отырған альбом-кітап ұрпақтар сабақтастығын сурет өнері арқылы дәріптеуді мақсат тұтады.
Альбом-кітапта Н.Өтепбаевтың философиялық ой-танымы негізінде жазылған графикалық және акварель суреттер берілген. Суретшінің ішкі әлемі арқылы трансформацияланған ұлттық болмыс пен қазақтың кең-байтақ даласының иісі өнер туындылары арқылы көрермендеріне сыр шертеді.
Альбом-кітап көркем-сурет факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, өнер сүйетін көпшілік қауымға арналған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *