Алаш және Семей баспасөзі

Алаш және Семей баспасөзі: Ғылыми жинақ. Құрастырушылар: А.Смағұлова, М.Өндірқан, Ж.Имангаликова. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2017. – 548 бет.

Алаш баспасөзі – ХХ ғасырдың басындағы ұазақ қоғамының айнасы. Кітапқа ХХ ғасыр басында Семей қаласында шығып тұрған «Сарыарқа», «Абай», «Таң», «Қазақ тілі» газеттері беттерінде жарияланған алаш қайраткерлерінің мақалалары енгізілді. Алаш арыстарының мақсат-мүддесін айқындайтын бұл мақалалар ел тұтастығы, халықтың рухани болмысын ояту сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Жинақ жалпы оқырман қауымға арналады.