Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ғылыми кітапханасына жоғары жылдамдықты сканер алынды

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ғылыми кітапханасына жоғарыжылдамдықты сканер алынды

Сақталымдағы құжаттардың түпнұсқасын электронды пішінге аудару мақсатында, университет ғылыми кітапхана үшін Optima_A2 сканерін сатып алды.
Қордағы басылымдарды цифрлық нысанға көшіріп, электронды көшірмелер деректер базасын толықтыру  университет ғылыми кітапханасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сканер әртүрлі құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді және үлкен форматтағы, ескі немесе нашар ашылатын құжаттармен жұмыс істеу кезінде барынша ыңғайлы.

Негізгі техникалық мәліметтері мен сипаттамалары:

  • Құжат форматы А5-тен А2+, түпнұсқаның максималды көлемі – 850 мм.*450 мм., түпнұсқа қалыңдығы – 120 мм.
  • Құжат пішіміне қарамастан сканерлеу жылдамдығы сағатына 1800 беттен жоғары.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.